Қазыналы мекен. 70 жылдық тарихы бар мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауытының іске қосылуы қазақстандық мұнай өңдеу саласының тарихи бастауы.
Оның құрылысы 1943 жылы соғыс уақытында басталып, 1945 жылы пайдалануға берілді. Алғашқы күннен бастап отындық нұсқа бойынша дамыған өндіріс ошағы ұзақ та ауыр кезеңдерді бастан өткерді.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары жаңа технологиялық қондырғылар салу жұмыстары жүрді. 1969 жылы бастапқы өңдеу, 2 жыл өткеннен кейін жаңа каталитикалық риформинг қондырғылары іске қосылды. Ал 1980 жылы Қазақстанда алғаш рет баяу кокстеу қондырғысы салынды. 9 жылдан соң зауыт мұнай коксын қыздырып шынықтыру қондырғысымен толықты. 2000 жылы техникалық азот шығару қондырғысы пайдалануға берілді. Зауыттың бүгінгі келбеті қандай? Жаңа автоматтандырылған жүйе қалай жұмыс істейді?