Қазыналы мекен. Қара алтын тасымалы
Отандық мұнай ішкі және сыртқы нарыққа қалай тасымалданады?
Бүгінгі шығарылым өнімді магистральді мұнай құбырлары арқылы тасымалдайтын ұлттық оператор «ҚазТрансОйл» АҚ жұмысына арналмақ. Компания елімізде өндірілетін мұнайдың 50-ден аса пайызын тасымалдайды. Ол үшін қара алтынды тасымалдаудың әртарапты және көпвекторлы жүйесін құрды.
Магистральді мұнай құбырларымен шикізат тасымалдауды 37 мұнай айдау станциясы, 64 мұнай қыздыру пеші, жалпы көлемі 1 млн 229 мың текше метр мұнай сақтауға арналған сұйық қойма паркі қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда компания аясында 8 мыңнан аса шақырым түрлі мұнай және су құбырлары жүргізілген.
Сондай-ақ «ҚазТрансОйл» 2008 жылдан бері батуми мұнай терминалының меншік иесі болып табылады. Онда 22 түрлі мұнай және мұнай өнімдерін бөлек сақтауға мүмкіндік бар. Толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.