Зейнеткердің қаржысын қолды қылған алаяқтар қолға түсті
Бүгінгі бағдарламада:
- Даусынан танып қойды. Бір топ алаяқтар зейнеткердің қомақты қаржысын қалталарына басты. Бірақ қарияның қырағылығы қылмыскерді қолға түсіруге көмектесті.
- Түнде жасалған қылмыс. Алматыда көліктердің айнасын ұрлаған күдікті қолға түсті.
- Есірткі жасауға арналған шикізат Шымкенттен Жетісу облысына жеткізіліп отырған. Зертханадан тыйым салынған заттың мыңдаған дозасы тәркіленді.