Олигархтан тартып алған ақшаға облысты дамытса бола ма? | Күн тәртібі | 05.06.2022

Елде 3 бірдей облыс құрылғанын білесіз. Ұлытау, Абай және Жетісу жерлері.

Президент тура бір ай бұрын арнайы Жарлыққа қол қойған еді.

«Аумағы ат шаптырым болған өңірлерді бөліп тастаған дұрыс болды. Осыған дейін қағажу болып келген талай проблема енді кезек күттірмей шешіледі» десті кейбір сарапшы.

Шынында солай ма? Облыстарды бөлгеннен жағдай оңалып кете ме?