Ғылым тілі қазақша сөйлей ме? І Күн тәртібі І 07.06.2022

iPhone-ның жаңа нұсқасына қазақ тілі енгізілді. Apple компаниясы iOS16 бағдарламалық жүйесіне қазақ тіліндегі автотүзеу мен қателерді жөндеу қызметін бірге қосқан. Тіл мен технологияның қатар алға ілгерлеуінің жарқын көрінісі осы болса керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы заманауи технологияға ден қойып, отандық ғылымды дамытуда халықаралық стандартпен қатар ұлттық мүдде ескерілуі тиіс екенін жуырда ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан еді. Ал ұлт мүддесі мен мемлекеттік тіл бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Ендеше бүгін «Күн тәртібінде» тіл мен технология мәселесі талқыланды. Хабардың бірінші сағатында қазақ тілінің дамуы мен қазіргі терминологияның жай-күйіне арналды.

Мемлекеттік тілдің дәрежесін арттыру тек филолог-ғалымдарға жүктелген міндет емес. Қай сала болмасын, ғылымға арқа сүйесе, ғылымды қазақ тілінде сөйлету үшін тағы кімдер атсалысуы тиіс? Күн тәртібінің екінші жартысын осы мәселеге арналды. Спикерлермен мынадай сауалдар талқыланды:

– Ғылымдағы қазақ тілінің қолданыс аясы қандай?

– Технология дәуірінде қазақ тілі қалыс қалып келе ме?

– Қазақ тілінің терминологиялық қоры қалай қалыптасып жатыр? 

– Жарнамадағы қатеге кім жауапты?

– Тапсырыс беруші қазақ тіліндегі нұсқаның сапасына неге мән бермейді?

– Тіл тазалығын қалай сақтаймыз?

Спикерлер:

Бақытгүл Ысқақ, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ҰҒПО терминология басқармасының басшысы

Мөлдір Бақытқызы, «Тіл-қазына» ҰҒПО ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы

Сәрсенбай Құлманов, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты терминология орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Мақсат Мәлік, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жоба координаторы

Орынай Жұбай, филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ профессор м. а.