Бюджет қаржысы неге игерілмей қалады? | Күн тәртібі | 08.06.2022

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті былтыр 600-ден астам аудиторлық тексеріс жүргізген.

Нәтижесінде 32 млрд 943 млн сомаға татитын заң бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 13 млрд 700 млн астам қаражатты жұмсаған кезде белгілі болған жайттар. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы активтерді басқару кезінде 12 млрд 600 миллионның заң бұзушылығы тіркелген. Бұдан бөлек бухгалтерлік, бюджеттік есепке алуды жүргізу және қаржылық, бюджеттік есептілікті жасау, мемлекеттік сатып алу, бюджетке қаражат түскен кезде бірталай заң бұзылған.

Бұл нені білдіреді? Бюджет қаржысының тиімді игерілуіне не кедергі? Бүгінгі Күн тәртібіндегі мәселе - ел қазынасының жай-күйі. 

Бюджет тақырыбын бүгін студия қонағы Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Мәлік Иманқұлұлы Құлшармен талқылаймыз. Зум арқылы байланысқа қосылған экономист сарапшымыз бар. Сондай-ақ тақырыпқа ой қосатын тағы бір экономисіміз Әлкен Темірболатов.