Онлайн несие опық жегізеді | Күн тәртібі | 14.06.2022

Елдегі микроқаржылық ұйымдардан алынған несиенің үштен бірі мерзімінде қайтарылмай, арты үлкен дауға айналады.

Наурыздағы жағдай бойынша халыққа берілген 1 млн астам қарыздың 435 мыңы тараптарды әуре-сарсаңға салған. Ал микроқаржы ұйымдарының портфелінде проблемалы несиенің ұзын саны 914 мыңға жеткен. Бұл несиені қашықтан оңды-солды үлестіру салдарынан туындаған түйткіл. Халықты қарызға белшесінен батырған онлайн несиенің олқы тұсы неде? Қашықтан қарыз беруден келер қандай қауіп бар? Күн тәртібіндегі осы сауалдарға жауап іздейміз.