Құрылыс жобасы. Еден жылыту технологиясы
Жылы еден жүйесін орнатуда ең басты назарды неге аударған жөн?
Бүгінгі күннің технологиясы үй едендерін тек жылытып қана қоймай, оған тарайтын қуат көзі мен уақытты басқаруға мүмкіндік береді. Мамандар мұндай технологияны жобаның 90 пайызында қолданады екен.
Жалпы пәтер еденін жылытудың бірнеше амалы бар. Бірі қуат көзі арқылы орнатылса, енді бірі су құбырлары арқылы орнатылады. Еден жылытатын жабдық бөлме температурасын төменгі және жоғарғы жақта бір қалыпты сақтауға мүмкіндік береді. Бұл технологияны пәтеріңізге орнатпас бұрын нені ескергеніңіз жөн? Мамандар кеңесіне құлақ түріңіз.