Құрылыс жобасы. Кафель таңдау мен орнату тәсілі

ceprindo.com

Кафель жуынатын бөлмені жөндеу барысында ең көп қолданылатын құрылыс материалдарының бірі. Бүгінде дүкен сөрелерінде оның түрлері көп. Арасынан отандық өнімді де табуға болады.

Егер жөндеу жұмыстарын бастасаңыз маусым сайын жаңарып отыратын оларды дизайнерлер компьютерлік бағдарламада сіз көрсеткен нұсқа арқылы жобасын жасап бере алады. Алайда пәтер иелері ылғалға төзімді әрі ұзақ мерзімге жарайтын кафельдерді таңдап қана қоймай, оларды орнатудың тәсілдерін де білуі қажет дейді мамандар. Есепті тақтайшалар санымен жүргізген жөн. Ол үшін дүкендегі шаршы метрге шақ келетін құрылыс материалының өлшемін алғаныңыз жөн. Ел нарығындағы тұтынушыға ұсынатын бұл өнімді таңдау мен орнатуға қатысты ақпаратты осы шығарылымнан көре аласыздар.