Әскердегі тәрбиеші-офицердің міндеті мен маңызы

Қазақстан армиясы – елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ететін негізгі құрылым. Бұл ретте жауынгерлердің моральдық-психологиялық дайындығын күшейтіп, олардың отансүйгіштік рухын қалыптастыру да маңызды жұмыс. Бұл міндет армияда тәрбиеші-офицерлерге жүктелген. Олар сарбаздарға әскери тәртіпті сақтауды, жауынгерлік міндеттерді адал орындауды үйретеді.