Технологиямен тоғысқан ұлттық әшекейдің жаңа дәуірі

Қазақ зергерлік өнері – ғасырлар қойнауынан жеткен асыл қазына. Бүгінде ол заманауи технологиямен тоғысып, жаңа деңгейге көтерілуде. Костанайдағы зергерлік цех – өткен мен бүгінді жалғайтын орындай. Мұнда бағалы металдар мен асыл тастар 3D модельдеу, лазерлік дәнекерлеу арқылы өңделіп, ұлттық нақыштағы әшекейлерге жан бітіреді. Made in KZ бағдарламасында біз сізді зергерлік шеберхананың құпияларымен таныстырамыз. Алтынды балқытудан бастап, гауһар тастарды орнатуға дейінгі шеберлердің жұмысын бірге тамашалаңыздыр.