Екібастұздың жаңа индустриялық дәуірі

Екібастұздағы ферроқорытпа зауыты Қазақстанның металлургия саласында жаңа дәуірдің бастауы болмақ. Кәсіпорынның заманауи газ тазарту жүйелерінің арқасында ауаға шаң-тозаң бөлінбейді. Ал 100 пайыз автоматтандырылған технология мінсіз сапаға кепіл. Ферроқорытпа экспорты бойынша әлемде екінші орында тұрған еліміздің өндірістік әлеуеті «Made in KZ» бағдарламасында.