Болаттан бұйымдар өндіру | Made in KZ

Болат – темір мен көміртек ерітіндісінен жасалған металл. Ең алғаш рет біздің заманымызға дейін VII ғасырда ойлап табылған. Басында құрамындағы көміртек көптігінен бұл металл сынғыш болады. Уақыт өте келе көміртек құрамын азайту арқылы, иілгіш болат алынады. Содан бері түрлі бұйымдар, қару-жарақ, құрал-жабдықтар өндіріле бастайды.

Бүгінде болаттан тұрмыс-тіршілікке қажетті бұйымдардың сан түрі шығарылады. Сондай өндірістің бірі елордамызда орналасқан. Бұл зауыт 2013 жылы ашылды. Бүгінде жиырмаға жуық қызметкер қоқыс жәшігінен бастап, жарықтандыруға арналған тірекке дейін өндіреді. Зауыттың қуаттылығы айына – 2 мың тонна тірек, 60 қоқыс жәшігі, 110-120 тонна металконструкцияларды құрайды.

«Made in KZ» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.