«38. Соңғы нүкте» фильмі жарық көрді

«38. Соңғы нүкте» көркем фильмі көрерменге жол тартты.

Туынды шынайы оқиғаға негізделген. Онда Семей орманында 2023 жылы болған алапат өрт туралы таспаланған. Кинокартинада құтқарушылардың көзсіз ерлігі мен орманшылардың қызметі жайлы әсерлі суреттеледі. Жобаға Төребек Бейсебаев режиссерлік етті. Фильм Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен түсірілді. Бүгіннен бастап елдегі барлық кинотеатрлардан көрсетіледі.

Асан Мажит, актер:

- Соңғы нүкте фильмінде басты рөлде болдым. Менің кейіпкерім – авторлардың ойынан шыққан кейіпкер. Яғни сол кейіпкер арқылы басқа адамның қаза тапқан кейіпкерлердің жан дүниесін, сол оқиғаның ауыртпашылығын беріп тырысып бақты.

Мемлекеттік тапсырыспен 24 кино таспаланды

Биыл мемлекеттік қолдау аясында бас-аяғы 24 жоба таспаланып жатыр. Оның үшеуі көпшілікке көрсетілді. 

Құрманбек Жұмағали, ҚР МАМ «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Бұл кинодан тапқан табыстың 80 пайызы кинокомпанияларға тиесілі болады.  Яғни, бұл не үшін керек? Құрылып жатқан компаниялар өз қаражаттарын, тапқан табысы арқылы жаңа туындыларды өздері жарыққа шығарсын деген ниетпен мемлекет тарапынан қолдау тапқан.

Сондай-ақ оқыңыз: