Судың заңсыз саудасы тыйылмай тұр

Ел аумағында су тапшылығы өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе оңтүстік өңірлерде судың заңсыз пайдаланылуы жиілеген. Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Ерлан Сайыров осылай деп, «Қазсушардың» менеджментін сынға алды. Оның айтуынша, мекеме қызметкерлері жергілікті тұрғындармен келісіп, суды заңсыз бөлуге жол беріп отыр.