Бес айда ел экономикасы 6% өсті
Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында депутаттар Үкіметтің 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебін бекітті. Қаржы министрлігінің дерегінше, жылдық шығыстар жоспары 98 пайызға орындалған. Енді Үкімет алдағы үш жылда бюджет тапшылығын екі есе азайтуды көздеп отыр. Биыл жыл басынан бері ел экономикасы 6 пайызға өсті. Бұл өсімнің негізгі бөлігін мұнайға қатысы жоқ сектор қамтамасыз еткен. Салыстырар болсақ, былтыр бұл көрсеткіш 4,8 пайыз болған.