Долихасигма: ішек ауруларынан келетін қауіп пен оның алдын алу жолдары
Аурудың түрі көп. Жақсы, жаман деп бөлуге келмейді. Сондай дерттің бірі - ішектің қараюы. Медицина долихасигма дейді. Бұл тоқ ішектің туабітті ауруы немесе жүре келе созылып, ұзарып кетуі. Ал дертті емдемесе асқына беретіні тағы белгілі. Ол асқынған сайын ауру да күшейеді. Аурухана төсегіне таңылған осындай науқастың шегінің жартысынан көбі қарайып кеткен. Сөйтіп жалпы адамда 6 метрдей ішек болса, соның 4 метрден астамын кесуге тура келді.