Миксома. Жүрек ауруларын емдеудің жаңа тәсілдері

Сап сау жүрген адамның жүрегінде ақау бар деп кім ойлаған? Күнделікті шаруасын атқарып, ел қатарлы жүрген степногорлық Павел Фольгин емханаға денсаулығын қаратуға барады. Сол кезде дәрігерлер секем алып, қайта тексерілуге жібереді. Сөйтіп кеудесінде қауіпті дерт барын біледі. Ақыр соңында Астанаға келіп жүрегіне операция жасатты. Егер кездейсоқ тексерілуге бармасам бұл дертің барын білмес едім дейді өзі. Өйткені еш жері ауырмаған.