Блефаропластика сұлулық пен денсаулықтың кепілі бола ала ма?

Қос қарашық адамға көру үшін ғана берілмеген екен. Кісінің кісілігін, әрі-беріден соң жан сұлулығын да көрсетеді. Ал тән сұлулығына әркім құштар. Сол себепті көздің де о жақ, бұ жағын түзетіп жатқандар бар. «Бұл эстетитикалық сұлулық үшін ғана емес, ең алдымен қос қарашықтың саулығы үшін керек», – дейді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері.