Әлемде құлағы естімейтін адамдар саны артып келеді

Бүгінде әлем халқының 5 пайызына жуығы, яғни шамамен 430 миллион адамның есту қабілетінде ақау бар. Оның 43 миллионы балалар. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 700 миллион адамға дейін жетуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайға алаңдаушылық білдіруде.