Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктері

Былтыр өңдеу өнеркәсібі өркендеп, секторда 180 инвестициялық жоба жүзеге асты. Олардың жалпы құны – 1,3 триллион теңге. Ал саладағы өсім 6 пайызға жуықтады. Бұл жайлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екеніне тоқталды. Дегенмен босансуға болмайды. Ел Президенті салаға серпіліс беруді тапсырды.