Биыл 188 медициналық мекеме қолданысқа беріледі

Биыл 188 медициналық мекеме қолданысқа беріледі. Олардың дені ауылдық аймақтарда ден көтереді. Сондай-ақ келер жылы 32 аудандық аурухана жаңғыртудан өтеді. Бұл жайлы Бурабай баурайында өткен Ұлттық құрылтайда қазақ басшысы баса айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамту ісінде инфрақұрылымның бой көтеруі маңызды екенін айтып, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды. Президент пәрмені өңірлерде қалай орындалуда? Зер салып көрдік.