Қызылорданың агросектор әлеуеті
Биыл 23 млн гектардан астам алқапқа егін егілді. Бұл былтырғыға қарағанда 413 мың гектарға көп. Дегенмен секторда ілкімді істермен қатар іркілістер де бар. Салдағы түйінді түйткілдерді мемлекет басшысы да жіпке тізген еді. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына қажетті қаржы салынған жоқ деді. Сондай-ақ сектордағы сандарың сәйкессіздігін сөз етіп, олқылықтың орнын толтыруды тапсырды. Президент пәрменінің орындалу барысын бағадарлама ұжымы бағамдап көрді.