Олимп. Спорттық кешендер

Әңгімемізді велотректен бастайық. Негізі, Прездент атын атап, түсін түстеп  берген кешендердің қай-қайсы да тек ел аумағындағы ғана емес, бүкіл әлемдегі ірі спорттық нысандардың қатарына жатады. Әсіресе, осы велотрек өзінің сәулеті жағынан да, ауқымы жағынан да бірнеше жылдан бері алдыңғы ондықта. Ал, онда өтетін жарыстардың көлемі мен деңгейін санамалап жату, тіптен, артық шығар. Өйткені, бізге бүгін керегі бұл емес. Керегі – осындай алып кешен қаншалықты тиімді қолданылып жатыр және қаншалықты сіз бен бізге қолжетімді екендігі? Біз бұл сауалды тікелей басшылығына қойдық.