Ақтөбеде 181 учаскелік инспектор қоғамдық тәртіпті қадағалайды
Полиция департаменті Ақтөбе қаласының Астана және Алматы аудандарын төрт әкімшілік аумаққа бөлген. Әрқайсысында ондаған учаскелік пункт бар. Тиісінше 181 учаскелік инспектор қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Учаскелік инспектор өзіне бекітілген аумақты бес саусағындай білуі тиіс. Жергілікті тұрғындармен танысып, әкімшілік есептегі тұлғаларды қадағалап жүруі шарт.