Гаитидегі арнайы операция кезінде 34 адам қаза тапты

Гаитиде қарулы топтарға қарсы арнайы операция жүргізілді. Операция кезінде 34 адам қаза болды. Полицияның мәліметіне қарағанда, мерт болғандар қарулы топтардың мүшелері болуы мүмкін. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. 

Операция Мартиссан ауданында жүргізілген. Бұл аумақ – Порт-о-Пренс қаласын елдің оңтүстігімен байланыстыратын негізгі жолдардың бірі. Алайда 2021 жылдан бері қарулы топтардың қолына өткен. Сондықтан бұл жолмен қатынау қауіпті.  2024 жылғы ақпанында елдегі жағдай одан әрі шиеленіскен. Бұл кезде қарулы топтар бірігіп, мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасай бастады. БҰҰ ақпарына сәйкес, содан бері миллионнан астам тұрғын үйін тастап кетуге мәжбүр болған.

Сондай-ақ оқыңыз: