Жетісу облысында қауіпсіздікті күшейту мақсатында полиция арнайы рейд өткізді
Жыл басынан бері Жетісу облысында 900-ден астам жол апаты болды. Қайғылы жағдайдың алдын алып, қауіпсіздікті күшейту мақсатында полиция департаментінің қызметкерлері арнайы рейд өткізді. Ауқымды іс-шара аясында қоғамдық орындарда ішімдік ішкен, тәртіп бұзғандар анықталып, есепте тұрған азаматтар тексерілетін болады.