loader


Шаруалар қандай проблемалармен бетпе-бет келіп отыр?

Сонымен қатар Тоқаев фермерлер қауымдастығымен бірлесіп, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау керек деді. Тапшылықтың және азық-түлік бағасының жөнсіз қымбаттауының алдын-алу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік тұрақты қорларға форвардтық бағалармен сатып алу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Студияға келген «Ауыл» халықтық-демократиялық  партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков осы тақырып төңірегіндегі сауалдарға жауап берді.

Тікелей эфирге қосылған Қазақстан фермерлері қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Ермек Абуов ауылшаруашылығын субсидиялау тәртібі мәселесіне кеңірек тоқталып, онымен қоса тыңайтқыштың жеткілікті болуы,  жанар-жағармай тапшылығы туралы айтты