Ресейден 6300 адам тұрақты жұмысқа істеуге келді

Қазір елде 100 мыңнан аса ресейлік бар. Соның 6 мың 300-і тұрақты жұмыс істеуге келген.

Бір апта бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ержан Біржанов осындай дерек келтіріп еді. Бірақ шенді бұдан қорқудың еш қажеті жоқ деп жұртты сабырға шақырғандай болды. Ресейліктердің Қазақстанға ағылуынан секем алу керек пе? Сіздің ойыңызды білгім келеді. Экранда QR-код көрсетілген. Соны телефонмен сканерлеп, пікір қалдырыңыздар.

Ішкі істер министрлігі кеше ғана мынадай мәлімет таратты. Соңғы 3 айда 10 мыңға жуық ресейлік – Қазақстанның жеке идентификациялық нөмірін алып үлгерген. Бұл нені білдіруі мүмкін?

Сәлімжан Нақпаев, Мәжіліс депутаты