Өсер ел баласын ойлайды. Сұхбат

Студиямызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ ханымды шақырған едік.

Мәселенің мән-жайын өз ауызыңыздан естісек деп едік. Президенттің осы бастамасын заңдастырған өздеріңіз ғой. Ұлттық қордан балаларға ақша бөлінеді, ол үшін алдымен бала Егов арқылы тіркелу керек деген әңгіме шығып жатыр. Бұл рас па әлде қауесет пе? Егер тек қана егов арқылы тіркелетін болса, шалғайдағы ауыл тұрғындары қайтпек? Мысалы, қазіргідей қыста жол жоқ дегендей.

Егер түрлі себептермен тіркелмеген балалар ертең ержеткенде қайтеді? Олардың толық қамтылуы үшін қандай да бір бақылау жүргізіле ме? Мүмкін жаңағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға құқықтық көмек керек шығар? 

Жаман айтпай жақсы жоқ, егер де бала қайтыс болса, Ұлттық қордан түскен қаржыны ата-анасы ала ала ма? 

Әрине Президенттің балаларға осынша қамқорлық жасап отырғаны құптарлық жайт. Бұрын шетелде бала туған сайын шотына ақша салады екен деп қызығып отратын едік. Енді өзіміздің де балалардың өскенде далада қалмайды деген үміттеміз. Дегенмен біз мұнайға байланып отырған елміз. Ұлттық қорға түсім болмаған жағдайда қалай болмақ?

Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты