Қазақстан – АҚШ арақатынасы. Қайрат Беков

АҚШ осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасына 100 млрд доллардан астам қаржы салды, деп хабарлайды 24kz.

Қазір елде 600-ден астам америкалық компания жұмыс істеп жатыр. Енді инвестиция көлемі тағы артады. Мемлекет басшысы Нью-Йоркке жұмыс сапарында бірқатар мемлекеттер басшыларымен, сондай-ақ әлемге аты белгілі ірі компаниялар жетекшілерімен кездесіп, түрлі келісімдерге қол қойылды. Бұл кездесулердің пайдасы қандай? Осы тақырыпта жан-жақты әңгіме өрбіту үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Аймақтық қатынастарды зерттеу орталығының сарапшысы Қайрат Беков тікелей байланысқа шығып отыр.

1.  Президент Нью-Йоркке жұмыс сапарында Ақ үй басшысы Дональд Трамппен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы әріптестікті нығайту жөнінде пікір алмасты. Алдағы уақытта қос мемлекет арасындағы әріптестік қандай бағытта дамиды деп ойлайсыз? Қазақстан мен Ақ үй арасындағы байланысқа қандай баға бересіз?

2. Сондай-ақ Президент бірқатар әлемдік компаниялар басшыларын қабылдады. Оларды Қазақстанда бизнесін бастауға шақырып, қолдау көрсететінін мәлімдеді. Бұл кездесулер ел экономикасына қаншалықты ықпал етеді деп ойлайсыз? Америкалық компаниялар экономиканың қай салаларына қаржы салуға мүдделі?

3. Жалпы Мемлекет басшысының әр сапарының өз көздеген мүддесі бар. Бұл сапардан сыртқы саясатта, өзге елдермен экономикалық байланысты нығайтуда қандай жаңалық күтеміз?

Спикер: Қайрат Беков, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Аймақтық қатынастарды зерттеу орталығының сарапшысы.