Харбин 2025: Қазақстан қысқы Азия ойынында қандай нәтиже көрсетті
Қытайдың солтүстік шығысында орналасқан Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтті. Бұл қысқы спорт түрлері бойынша жылдың басты бәсекесі саналады және алдағы олимпиадаға негізгі дайындық есебінде жүреді. «Sport time» бағдарламасы осы байрақты бәсекеге арнайы келді. 10 күн бойы спорттық жарыстардан 24 KZ арнасы тікелей эфир арқылы соңғы жаңалықтармен бөлісіп отырды. Дәл осы байрақты бәсекені қорытындылайтын уақыт келді. Яғни кешенді жарыстар бізге не берді? Біздің әлеуетіміз қандай және нендей бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек? Қандай кем-кетіктері бар? Көпшіліктің көкейіндегі осы сұрақтарға барынша жауап іздеп көрдік. Эксклюзивті сұхбаттар жаздық және алдағы минуттарда соның барлығын сіздерге ұсынғымыз келеді.