Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокстан чемпиондық белдікті иемденді

«Sport Time» бағдарламасы Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының төріндегі Халық аренада. 2022 жылы өңірде кәсіпқой бокс кеші өтті. Араға 3 жылдай уақыт салып кәсіпқой бокс Маңғыстауға қайта оралды. Жергілікті бокс мамандары, спорт жанашырлары дайындықты қайтадан қолға алып жатыр. Дәл осы бокс кешінің аясында ұлттық құраманың өкілдері Нұрқанат Раис, Санатәлі Төлтаев және басқа да жаңа есімдер өнер көрсетті. Қазақстандық Бекман Сойлыбаев пен данзаниялық Аби Зиго чемпиондық белдікті сарапқа салып, жақсы жекпе-жек көрсетті. «Sport Time» бағдарламасы бәсекеге толы доданы көрсету үшін арнайы келді.