Каратэден Әлем чемпионатына дайындық

Қазақ каратешілері тарихи жетістікті қайталай алама? Биылғы жылдың басты жарысы Әлем чемпионатына кімдер топ жара алады. Жалпы ұлттық құраманың әлеуеті қандай? Міне, осы сұрақтараға жауап алу үшін дәл қазір Астанадағы Жекпе-жек сарайына арнайы келдік. Мұнда ұлттық құрама өкілдері, яғни каратэ, ВКФ бағытында қыздар мен жігіттер дайындықты пысықтап жатыр. Дархан Асаділов - жаңадан тағайындалған бас бапкер, өз әдістемесімен, өз жоспарымен жұмысқа білек сыбана кірісті. Қазір соның барысын көріп, көкейде жүрген сұрақтарды қойып, назарларыңызға ұсынбақпыз.