Көкпар – ел намысы

Көкпар маусымы әлі басталған жоқ. Десе де, сала мамандары, яғни федерация басшыларынан бастап, өңірлік филиал өкілдері, атбегілер, бапкерлер мен спортшылар – барлығы елордадағы жекпе-жек сарайында бас қосып, ағымдағы жылдың жоспарын талқылады. Өйткені 2026 жыл көкпар үшін ғана емес, барлық ұлттық спорт түрлері үшін аса маңызды жыл. Көрші Қырғызстан елінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осы байрақты бәсекеге дайындық қазірден басталып отыр. Алдағы уақытта арнайы қағидаттар мен нақты мақсаттар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылмақ.