Романтикалық алаяқтық: Сенім мен сезімді саудалау
Алаяқтар айласы күн өткен сайын артып отыр. Олар әп-сәтте адамның сезімімен ойнап, жеңіл ақша мен ұтымды табыс ұсынады. Қазірде түрлі жастағы адамдар және әртүрлі мамандық иелері алаяқтардың құрбанына айналуда. Материалдық шығын мөлшері миллиондаған теңгемен есептеледі.