Қаржы пирамидасына қатысты күдіктілер сотталды
Астанада 100-ден астам адамды тақырға отырғызған қаржы пирамидасына қатысы бар тұлғаларға сот үкімі шықты. Алаяқтар 1-2 миллион теңге көлемінде сыйақы үшін азаматтарды өз атына автонесие рәсімдеуге көндірген. Артынша несиені толық өтеп беруге уәде еткен. Алайда көліктерді алған соң қылмыстық топ оларды сатып, кейбірін шетелге шығарып отырған.