Елімізде қоғамдық бақылау қызметі қалай жұмыс істейді?
Біз салық төлеуші ретінде бюджет қаражаты қалай жұмсалып жатқанын білуге, ел тағдырына, жұрттың жағдайына қатысты әділ шешім қабылдауды талап етуге толық құқылымыз. Әрқайсымыз әкімдікке, үкіметке тікелей сұрақ қойып, жауап та ала аламыз. Қоғамдық бақылау - бұл қоғам мен билік арасындағы байланыс құралының бірі. Ол бізге не үшін қажет? Қарапайым азаматтар мемлекеттік шешімдерге қалай әсер етеді? Бүгін осы тақырыпты талқылаймыз.