«Адал азамат» концепциясының маңызы мен міндеті

Қазақстандық студенттер «Заң мен тәртіпті» қолдайды. Университеттер мен колледждерде жемқорлыққа қарсы иммунитеті бар жаңа ұрпақ қалыптасып келеді. Жастар парақорлыққа қарсы арнайы клуб құрып, коплаенс-офицерлермен белсенді ынтымақтастық орнатып отыр. Олар фактілерді айтудан қорықпайды, өз құқықтарын біледі және қазір жемқорлықпен күресіп жүрген азаматтармен де, ардагерлермен де жиі кездесіп тұрады. Ал бұның негізінде «Заң мен тәртіп» қағидасы мен антикордың «Адал азамат» концепциясы жатыр. Бүгін осы туралы айтамыз.