Жол құрылысындағы жемқорлықты ешкім түбегейлі жеңген жоқ

Елімізде екі азап болса, оның бірі – жемқорлық, екіншісі – жол. Бұлар бір-біріне кіндігімен байланған. Қазақстандағы жолдармен жүріп өтсеңіз, жемқорлықтың исі аңқиды. Ал жол салғанда қазына қаржысын жымқыру - парыз. Бірақ біздің шенеуніктер аңғал, өздері жасаған ұрлық-қарлықты асфальт-бетон, құм­-таспен араластырып, тақтайдай тегістеп тастадық, ешкім көрмейді, білмейді деп ойлайды. Соған сенеді. Алайда жылға жетпей жаңа жолдың да, жемқорлардың да сыры ашылып қалады.