Талдау. Еліміздегі жас ғалымдар толқыны

Отандық ғылым саласында өзіндік үлес қосып келе жатқан білім ордаларының бірі Назарбаев Университеті.

Бұл шаңырақ ғылымға бет бұрған талай жастың талабын шыңдады, бағыт көрсетіп, бағын ашты. Бүгінде мұнда 200-ге тарта ғалым болса, олардың дені жастар. Заманауи нанотехнологиядан бастап, биология, химия, физика, инженерия секілді ғылымның әр саласын қамтыған. Жүрексінбей үлкен жолға түскен жастар жайлы бағдарламада тарқатамыз.