Талдау. Баспаналы болудың басты жолдары
Мемлекет бүгінде пәтерге қол жеткізе алмайтын әлеуметтік топты баспанамен қамту мәселесін қолға алған.
Дағдарыс бүйірден қысса да, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары тоқтаған емес. Солардың бірі «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ ұсынған бағыт. Қор отандық өндірушілермен жұмыс істейді. Мүмкіндігінше құрылыс бастайтын аймақтан жергілікті құрылыс компанияларын тартуға тырысады. Ол кәсіпорын жобаға өзінің қаржысымен келуі шарт. Нақтырақ айтқанда кем дегенде 20 пайыз өз қаражаты, 80 пайыз қор қаражатын қосады. Құрылыстың сапасы қатаң қадағаланады. Жалпы жылжымайтын мүлік қоры арқылы кімдер баспана ала алады? Тізімді кімдер жасайды? Қор ұсынған бағдарламаға қатысу үшін алдымен сізде не болуы шарт? Мұнда ұсынылған ереже қандай?