Талдау. Мал баққанға бітеді
Раушан Қожанова бүгінгі таңда 407 жылқы басы бар шаруа қожалығын басқарады.
Ол осыдан 2,5 жыл бұрын Целиноград ауданы Қабанбай ауылы маңынан 1 гектар жер телімін жалға алып, жүз шақты жылқымен фермерлік қожалық ашты.
Үлкен бизнес құрылымы үшін бұл көп уақыт болмаса да, фермерлік шаруашылық ашуға ниеттенген кәсіпкерлер үшін мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетінінен барынша хабардар болды. Осылайша Раушан мемлекет ұсынған 4-5 бағдарламаға қатысып, кәсібінің ауқымын кеңейтті. «Агрокредиттік корпорация» арқылы асылтұқымды ақбас сиырды да алды.
«Істі бастау қиын, бірақ талпыныс болса бәрін де игеруге болады», – дейді Раушан Қожанова. Астана маңында орналасқан шаруа қожалығының жұмысын толығырақ бүгінгі бағдарламадан көре аласыздар.