Талдау. Мемлекеттік әлеуметтік көмек

www.lesfrontaliers.lu

Елімізде 2016 жылдың 1 қаңтарынан жаңа мөлшерде әлеуметтік төлемдер жүргізіліп келеді. Бұл жүйе белгілі бір жолға қойылған нақты механизм. Әрқайсының өзінің есебі мен өлшемі бар.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың мәліметіне жүгінсек, бүгінде елімізде зейнетақы мен әртүрлі әлеуметтік төлем алып отырған азаматтар саны 6 млн асады. Тек 1 жылда орталық 1 млн 400 мыңға жуық қызмет көрсетеді екен.

Мемлекет басшысы ел дамуының алғышарты болған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын дамыту керектігін айтты. Әсіресе әлеуметтік ахуалы төмен отбасылар үшін қоғамға бейімдеу бағдарламаларын қабылдаудың уақыты келгендігін тілге тиек етті.

Ендеше бүгінгі жүйедегі өзгерістер мен мемлекет көрсететін көмек жайлы толығырақ осы шығарылымда тарқатамыз.