Талдау. Тау-шаңғы курорты

www.ctvnews.ca

Соңғы жылдары еліміздегі туризм саласын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Іле Алатауы шатқалының 2,5 мың метр биіктігінде орын тепкен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты осының айғағы болса керек. Ауа райының қолайлылығы келушілерге шаңғы спортымен айналысуға зор мүмкіндік береді. Сондықтан мұнда экстремалды спорт түрін дамыту көзделген.

Тау шаңғы-курортына туристерді шақырмас бұрын демалыс орны түбегейлі жөндеуден өтті. Жаңа аспалы жолдар салынып, шаңғыға енді тұрғандар үшін жарыс жолдары кеңейтілді. Нәтижесінде 6 мың ғана болған тау жолдары 25 мыңға ұлғайды.

Қызмет көрсету саласына тәжірибелі кәсіпкерлер тартылып, өзге елдерден арнайы мамандар шақыртылды. Шаңғы үйрететін арнайы мектепті Орта Азиядағы үздіктер қатарына қосу үшін мамандар біліктілігі тексерілді.

Курортық аймақтың тынысы жайлы бүгінгі бағдарламадан көре аласыздар.