Талдау. Жаңа нарыққа бастар қадам

vk.com

Отандық кәсіпкерлердің сыртқы нарықты бағындырудағы алғашқы қадамдары қандай?

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өнімдері Қазақстан нарығына келгелі ел ішіндегі бәсекелестік артты. Отандық өндірушілер жаңа нарықтарды іздей бастады. Әрине өзге елдердің нарығына шығу оңай шаруа емес. Онда тауардың сырт келбеті де, сапалық қасиеті де маңызды.

Осы орайда Қазақстанның сыртқы сауда палатасы кәсіпкерлерге демеу болмақ. Бүгінде ұйым арқылы шетелге барып, сол жақтың нарықтарын зерттеген компания саны 300-ден асады. Солардың ішінде Ақмола облысындағы құс фабрикасы да бар. Бұл фабрика жуық арада Тәжікстанға жұмыртқа мен тауық етін сатпақ.

Астанадан 30 шақырым жерде орналасқан құс фабрикасында 85 жұмысшы бар. Онда жылына 60 млн жұмыртқа өндіріледі екен. Экспортты көздеген өндіріс ошағы өнімділікті екі есеге арттырмақ. Ол үшін қосымша цехты да іске қосуға дайын.

Ендеше бүгінгі шығарылымда біз сыртқы нарықты бағындыруда атқарылып жатқан шаралар жайын сөз етеміз.