Талдау. Сақ болыңыз! Су тасқыны!
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар.
Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық секілді өзендердің ұзындығы мың шақырымнан асады. Ірі өзендердің 500-і су тораптарымен жабдықталған, яғни су реттеліп отырады.
Соңғы жылдары өзен арнасынан тасып кетті дегенді жиі еститін болдық. Су комитеті мамандарының мәліметінше, көктемнің су тасқынының 70-75%-ы қардың күрт еруінен болса, қалған 25-30%-ы бір мезетте молынан жауған жауын-шашыннан болады екен.