Талдау. Бірлігі бекем елдің берекесі мол болады
Ел іші, ағайын арасы, тіпті шағын отбасыға бақ-береке ынтымақ пен татулық барда ғана қонады.
Түрлі қиындықты бастан өткерген еліміз бұған көз жеткізген. Сондықтан бейбіт күннен асқан бақыт жоқ.
Кең байтақ Қазақ даласы өз жерінен қуылған талай бейбаққа пана болды, қамқорына алды, соңғысымен бөлісті. Бүгінде еліміз татулығы жарасқан көпұлтты мемлекетке айналды.