Талдау. Сапалы білім – болашақ кепілі
Биыл мемлекет тарапынан «Болашақ» стипендиясына 24 млрд теңге бөлініп отыр.
Мақсат ел экономикасына үлес қосар жастардың білім алуына көмектесу, мүмкіндік беру. Оқысам, білсем, көрсем деген олардың болашағына жол ашу. Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметі жүгінсек, өткен 11 жылда елімізден 11 мыңға жуық талапкер шетелге оқуға кетіпті. Оладың 9,5 мыңдайы қазіргі таңда елімізде түрлі салада еңбек етіп жүр. Білімін жетілдіріп келген олардың кейбірі Назарбаев Университетін қалыптастыруға ат салысты. Қазіргі таңда онда 300-ден астам түлек жұмыс істейді.
Стипендия бүгінге дейін бірнеше өзгерістен өтті. Талап-ережесімен қатар, заман ағымына қарай мамандықтар тізімі жаңарды. «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының бүгінгі талабы қандай?