Ақтау қаласындағы қоқыс сұрыптау мәдениеті
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасының негізгі мақсаты – еліміздің экологиялық ахуалын жақсартып, әрбір азаматтың табиғатқа деген махаббаты мен жауапкершілігін арттыру еді. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, елдегі эко білім мен мәдениетті көтеруге бағытталған. Ол республика бойынша барлық қалаларды, мекемелерді, тіпті кіші-үлкен кәсіпорындарды да қамтыды. Соның айғағы ретінде Маңғыстау облысындағы түрлі ұйымдардың бұл жобаға қатысу белсенділігін анықтап, олардың нәтижелеріне үңілуді бүгінгі бағдарламада мұрат етіп отырмыз.